Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандықтың анасы трансплантацияға ағзасын беруге дайын

13 Қараша 2019, 10:10
5125
Бөлісу:
Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандықтың анасы трансплантацияға ағзасын беруге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның оңтүстіккореялықтарға жасаған үндеуін JTBC NEWS жергілікті телеарнасы таратты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Чханвон қаласында 7 жасар баланы қаққан қазақстандық азаматтың анасы Оңтүстік Кореяға барып, халқы мен зардап шеккен бүлдіршіннің жақындарынан кешірім сұрады. Бұл үдеріс жергілікті JTBC телеарнасы арқылы көрсетілді.  

Хат мәтіні: 

Мен, Қазақстан азаматшасы Корея еліне келген мақсатым: Корея елі халқынан, осы елде болған жол апаты үшін, жол апатынан зардап шеккен кішкентай бала үшін өз атымнан және ұлымның атынан басымды иіп кешірім сұраймын. Екі ел арасындағы іс болғандықтан, ертерек келіп сіздерден кешірім сұрай алмадық. 

Менің ұлым өз қателігі үшін заң алдында жауап береді. Тек сіздерден өтінерім, жұмыла ел болып зардап шеккен кішкентай баланың амандығын тілейік. 

Сондай-ақ, зардап шеккен кішкентай баладан және оның ата-анасынан ерекше аяқтарына жығылып кешірім сұраймыз. 

Құрметті зардап шеккен баланың ата-анасы! 

Мен сіздердің жағдайларыңызды ана ретінде түсінемін. Осы болған жағдай сіздерді қатты күйзелтті. Мен де сіздердің ұлдарыңыздың амандығын бір Алладан тілеймін. 

Алдағы уақытта болатын операцияда сіздің ұлыңызға көмек көрсетуге дайынбыз. Сіздің ұлыңызға қандай да бір орган ауыстыру керек болса, менің ұлым және мен өз органдарымызды беруге дайынбыз. Ұлдарыңызды аман алып қалған Корея дәрігерлеріне алғысымыз шексіз.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы көлікпен бала қағып кеткен. Бұл оқиға бірден қоғамда дау тудырды. Себебі жерлесіміз ол елге заңсыз кірген және көлік айдауға құжаттары болмаған. Күдікті оқиға орнынан ізін суытып, Қазақстанға кетіп қалған. 

Бірақ кейіннен кері қайтқан. Бұған дейін 20 жастағы отандасымыз 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді. Бұл іске қатысты сот отырысы ертең өтеді. Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Иннің атына жолданған петицияға қылмыскерді жазалауды талап еткен 60 мың адам қол қойыпты. 

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баланы қағып кетіп, өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған қазақстандықтың ісіне қатысты түсініктеме берді.

Өзгелердің жаңалығы