Бас жаңалықтар
Корея президенті Мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды
22 Сәуiр 2019, 15:56 407

Корея президенті Мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шараға елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қатысты, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.



Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстан Республикасына сапары 21 және 23 сәуір аралығын қамтиды.

Оңтүстік Кореяның басшысы мен оның жұбайы Ким Чжон Сук Нұр-Сұлтан қаласына 20 сәуірде келген болатын.

Бүгін олар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұдан кейін қос елдің әнұрандары шырқалды. Содан соң Корея басшысы мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды. Мұнда Қазақстан астанасына келетін түрлі елдердің мемлекет басшылары дәстүрге сай тал егеді.

Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин сапары барысында Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысады деп жоспарлануда.  



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық