Корея елшісі Ким Дэсик Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

24 Желтоқсан 2019, 11:14
13328
Бөлісу:
Корея елшісі Ким Дэсик Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик мырза қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


Сәлеметсіздер ме! 

Құрметті қазақстандықтар!

Міне, жаңа 2020 жыл келіп қалды.

Қазақстанның туындағыдай ашық күн – жаңа күш және үмітпен жарқырап шығады.

Барлығыңызға Жаңа жылда зор денсаулық және мол бақыт тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен!

2020 жыл – тышқан жылы.

Тышқан – өте ақылды және еңбекқор жануар.

Жаңа жылда қазақстандықтарға даналық тілеймін. Ақылды тышқан секілді аянбай еңбек етіп, тиімді жоспар құрып, еңбектің жемісін көруді және үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін!

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының арқасында Қазақстан халқы тарихы мен дәстүрін жаңғыртып жатқанына куәмін.

Сондай-ақ, Қазақстанның өмірдегі белсенді әлеуеті ХХІ ғасырдағы жаһанданудың жаңа шарттарына ыңғайлануға мүмкіндік береді.

Жаңа жылда Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған тұрақтылық арқылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен үкімет үлкен жетістіктерге жетеді деп үміттенемін.

Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастың бұдан әрі дами беруін тілеймін!

Көп рахмет!


Өзгелердің жаңалығы