Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

27 Қазан 2021, 18:21
34895
Бөлісу:
Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Корея Республикасының елшілігінде коронавируспен күреске бағытталған кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы KOICA түлектері қауымдастығы қазақстандық медқызметкерлерге COVID-19-ға қарсы күрес үшін техника табыс етті.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

Салтанатты шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова және Төрағасы және KOICA түлектері қауымдастығының төрағасы Гүлдана Садықова қатысты.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

Қайырымдылық шарасында 4000 АҚШ доллары тұратын 10 Samsung Galaxy Tab A7 планшеті және 2 ноутбук табыс етілді. Бұл Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы медициналық мекемелерде жұмыс істейтін ерікті эпидемиологтар тобына беріледі.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

Қайырымдылық іс-шарасында сөз алған Кореяның Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза елде дәрігерлердің ерік-жігері арқасында індет басылып келе жатқанын айтты.

Пандемия басталғаннан бері біздің елшілік KOICA түлектері қауымдастығымен бірлесіп, үшінші рет коронавируспен күреске арналған іс-шара өткізіп отыр. Осы ретте әр іс-шараға қатысып, қолдау білдіріп жүргені үшін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және KOICA түлектеріне, соның ішінде түлектер қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова ерекше алғысымды білдіргім келеді. Осы жолы біз қолдау көрсететін Эпидемиологтар қауымдастығының медицина қызметкерлері мен еріктілері – коронавирустық дағдарысты еңсеруде басты рөл атқарған қаһармандар. Осы мамандардың күш-жігерінің арқасында соңғы уақытта Қазақстанда эпиджағдайдың жақсарып келеді. Бұл сыйға тартылған компьютерлер, планшеттер және басқа да керек-жарақтар коронавируспен күреске, соның ішінде вакцинация науқанына пайдалы болады деп үміттенеміз, - деді дипломат.

Ку Хонг-сок мырза атап өткендей, Оңтүстік Кореяда адамдардың 70%-дан астамы вакцинациядан өтіп, біртіндеп күнделікті өміріне оралды, бұл «Коронамен» деп аталатын дәуірдің аяқталуына әкелді. Қазақстанда да вакцинация қарқындап, расталған жағдайлардың саны азаюда.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

Біздің Елшіліктің де осы айдан бастап күнделікті өмірге баяу оралуы – Корея Республикасының Ұлттық күні мен 2021 жылғы Корея мәдениет фестивалін мерекелеуге арналған қабылдау осының дәлелі. Оңтүстік Кореяда халықтың 70%-дан астамы вакцина алып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Бұл өз кезегінде «коронамен бірге» деп аталатын дәуірдің аяқталуына жол ашып жатыр. Қазақстанда да вакцинация қарқыны күшейіп, вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен жылдан бері Корея Республикасы коронавируспен күресу үшін қажетті заттар мен қорғаныс құралдарын тапсыру бойынша 9 іс-шара өткізді. Қазақстанның ең жақын досы ретінде біз коронавирустық пандемия біткенше бірге жұмыс істеуді жалғастыра береміз, - деп айтты елші.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап Корея Республикасымен достық қарым-қатынаста екенін айтты.

Ел Президентінің Корея Республикасына іссапары екі елдің достық байланысын одан әрі нығайта түсті. Сондай-ақ пандемия уақытында Қазақстан Кореядан гуманитарлық және моральдық көмек алды. Осы жылы эпидемиолог дәрігерлер Корей университеттерінің KOICA түлектері қауымдастығынан екінші рет көмек алып отыр. Әрине, дәл бүгінгі таңда халықтың өмірі мен денсаулығы үшін індетпен алдыңғы шепте күресіп жүрген мамандарға жағдай жасау керек, - деп айтты депутат.

Мәжілісі депутаты Корея елшілігіне қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, қолдау білдіріп отырғаны үшін алғыс білдірді.

Корея елшілігі дәрігерлерге 1,7 млн теңгенің техникасын сыйға тартты

KOICA түлектері қауымдастығының төрағасы Гүлдана Садықова Корея Республикасы шамамен 16 жылдан бері қауымдастық арқылы қайырымдылық іс-шарасын өткізіп келе жатқанын айтты.

Қауымдастық құрылғаннан бері түрлі жобалар өткізіп келеміз. Мысалы, елордадағы «Мүмкіндігі шектеулі жастар қоғамына», «Дос» орталығы, жетім қалған балаларға. Елшіліктің қолдауы арқасында коронавируспен күрес үшін осындай қайырымдылық шарасын өткізіп отырғанымызға қуаныштымыз. Осы 1,7 млн теңге сомасын құрайтын гуманитарлық көмекті, оның ішінде 2 ноутбук, 10 планшетті медицина мекемелеріндегі эпидемиологтарға табыстаймыз, - деп атап өтті Гүлдана Садықова.

Ол бұған дейін осындай бірнеше қайырымдылық жобасы жүзеге асқанын айта кетті.

Өзгелердің жаңалығы