Кордайлық 500-ге жуық отбасы Шу ауданына егіс жұмыстарына аттанды

4 Шілде 2020, 12:47
1275
Бөлісу:
Кордайлық 500-ге жуық отбасы Шу ауданына егіс жұмыстарына аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қордай ауданынындағы дүнген отбасылары дәстүр бойынша көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын Шу ауданына аттанған болатын.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев фермер Лұқмар Сандуров пен тағы екі отбасы мүшелерінің егіс алқаптарына ат басын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың "Манас" сортын өсіруде. 

Масаншы ауылының тұрғыны магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. 

Диқаншылардың өздерінің айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өз өнімдерін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек. 

Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданының ауылдарындағы  қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайындардың іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжамдар жасаған болатын. 

Алайда, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айнылысып, құнарлы Шу жерінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда. 

Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштардың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, өнімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қоймалар салуға кеңес берді.        

Өзгелердің жаңалығы