Бас жаңалықтар
Көппәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақылары беріле ме?
27 Қаңтар 2021, 13:13 185

Көппәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақылары беріле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов ОКҚ-де өткен брифингте айтты.

Көппәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақылары беріле ме? Егер берілсе, бұл процесс қалай жүзеге асырылады? – деп редакциямыз брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі 2009 жылы бекітілген. Бұл ереже халыққа белгілі. 2020 жылдан бастап күшіне енген заңға байланысты біраз өзгерістер енгізілді. 

Бастысы бұл көмектің кімге көрсетілетінін түсініп алу керек. Бұл аз қамтылған отбасыларға, яғни көп пәтерлі тұрғын үйде көпбалалы отбасы болса, олардың ішінде біреуі жұмыс істеп, жалақылары төмен болған жағдайда, олар жергілікті басқарушы органға өтінішпен жүгіне алады. Яғни тұрғын үй көмегін көрсету үшін жергілікті өкілетті орган өз шешімі ішінде берілген деңгейді анықтайды. Осы деңгеймен аз қамтылған отбасының коммуналдық төлемдерге қатысты тұрғын үй кондоминиум объектісін басқаруға және оны күтіп ұстауға арналған шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтердің және телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде көрсетілген байланыс қызметтерін тұтынуға. Осының бәрін жинағанда аталған отбасының жұмсайтын ақшасы мен мына мәслихаттың белгілеген деңгейінің арасындағы айырмашылық тұрғын үй көмегіне жатады, - деп айтты ол.

Департамент басшысының сөзінше, аз қамтылған отбасы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруге мүмкіндігі бар. 

Берілетін құжаттардың ішінде жеке куәлігі, банктегі есепшоты, отбасының табыстары туралы анықтама, Бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қорының анықтамасы қажет. Құжаттарды толық реттеп тапсырғаннан кейін 8 күн ішінде жергілікті атқарушы орган шешім шығарады. Немесе құжаттар толық берілмесе, 5 күн ішінде қайтарып, жазбаша түрде жауап беруі керек, - деп жауап берді Әбдікәрімов.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...