Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы тұлға міндетті түрде оқытудан өтуі керек – Әбдікәрімов

21 Сәуір 2021, 13:29
1716
Бөлісу:
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы тұлға міндетті түрде оқытудан өтуі керек – Әбдікәрімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғулан Әбдікәрімов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы өткен брифингте айтты.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы бойынша мүлік иелері бірлестігінің төрағасына оқып, сертификат алудың керегі жоқ. Сертификат кімге керек? Сертификат көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы тұлғаға ғана керек. Ол міндетті түрде оқудан өтуі  керек. Себебі бір үйді емес, бірнеше үйді басқаратын білімі болуы керек, - деді Әбдікәрімов. 


Ол атағандай, Нұр-Сұлтан қаласында Гумилев атындағы ЕҰУ мен өзге орталықтарда оқу үрдісі жүріп жатыр.

Бұл басқарушы боламын деген тұлғаның өз еркімен жүзеге асырылады. Оқудың орташа бағасы 30-35 теңге. Екі аптада 55 сағат сабақ өтеді. Мысалы, ЕҰУ-да бұл сала бойынша жұмыс істеп жатқан мұғалімдер мен тәжірибесі бар мамандар екі аптада білім береді. Оқу аяқталған соң сертификат орталығына барып, емтихан тапсырып, куәлік алады. Басқарушы компанияларда міндетті түрде оқыған адамдар болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы