Кәсіпкер көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады

14 Маусым 2019, 22:35
1390
Бөлісу:
Кәсіпкер көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Ақтөбеде көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz

Көпбалалы Қонысбай Хамзиннің отбасы «Центр групп» компаниясына пәтер алу кезінде көмек көрсетуін, яғни, жеңілдік беруін сұрап, өтініш білдірген. Он балалы, жақында он бірінші баланың өмірге келуін күтіп жүрген отбасының тұрмысымен танысқан компания төрт бөлмелі баспананы сыйға беруге шешім қабылдаған. 

«Жатақханаға барып, тұрмысымен таныстық. Отағасы жұмыс істейді, бірақ бәрі бір бөлмеде тұрады. Бізден пәтер алу кезінде жеңілдік сұрады. Компания иелері ақылдасып, сыйға беруді ұйғарды. Адамдар көмек сұрап келеді. Кейбірінің үйін жөндейміз, қайырымдылық шараларын жасаймыз», — деді компания директор Мұрат Балғазин. 

Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, биыл барлығы 7 кәсіпкер баспанаға аса мұқтаж отбасыларға пәтер сыйлаған.

Өзгелердің жаңалығы