Астанада көпбалалы ана бизнесін дөңгелетіп отыр

17 Ақпан 2019, 14:55
2164
Бөлісу:
Астанада көпбалалы ана бизнесін дөңгелетіп отыр

Астана, BAQ.KZ. Елордада «1000 орын – көше саудасы» жобасы аясында кәсіпкерлер өз ісін бастау үшін зор мүмкіндіктерге ие болуда. Өз ісін табысты жүзеге асырғандардың арасында көпбалалы аналар да бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Жәмила Наурызбаева – бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. «Astana» ӘКК» АҚ-да белгілі болғандай, ол «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына 2016 жылдан қатысып келеді. Кәсіпкер әйел көкөністер мен жемістерді сатуға арналған нысанды орналастыру үшін арнайы комиссияның шешімімен жер учаскесін алған болатын. Аталмыш сауда орны көпбалалы анаға өз ісін дамытуға көмектесті. Өз ісін бір сауда орны арқылы табысты жүргізген Жәмила Наурызбаева 2018 жылы бағдарлама бойынша тағы да бір жер учаскесін алу мақсатында тиісті құжаттарды тапсырады. Бүгінгі таңда кәсіпкер сауданы екі нүктеде жүргізіп отыр.

«Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша корпорация жыл сайын 15 жер учаскесін бөледі. Аталмыш жер учаскелері Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсынымы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қатарына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің арасында үлестіріледі.

Елорданың кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан «Astana» ӘКК» АҚ атына «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасына қосымша жер учаскелерін қосу жөніндегі бастамасын көтерді. Бұдан кейін аталмыш жер учаскелері квота бойынша кәсіпкерлік субъектілері арасында үлестірілуі тиіс.

«Астананың кәсіпкерлер палатасы бекітілетін ішкі регламент шеңберінде жер учаскесін квота бойынша алудан үмітті кандидаттарды іріктеуді өз бетінше өткізіп, таңдалған үміткер туралы ұсынымды «Astana» ӘКК» АҚ-на жолдайды. Қоғам өз кезегінде жер телімін қосалқы жалға алу  келісім-шартын бекіту жөніндегі шешімді шығарады. Астана ӨКП ұсынымында бір жер теліміне бір үміткер көрсетілуі тиіс», – делінген компанияның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы