Елордада ерекше концерт-спектакль өтті

8 Желтоқсан 2019, 09:54
8290
Бөлісу:
Елордада ерекше концерт-спектакль өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Nur Otan" партиясы мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырған "Jyr-Amanat" концерт-спектаклі өтті.

78770104_154870609125674_4222018844140503040_n.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұлттық құндылықтарды жаңғыртуды қолға алған "Nur Otan" партиясымен бірлесіп төл өнерімізді төрге шығаратын шаралар ұйымдастырып келеді. Осыдан екі ай уақыт бұрын дәл осы сахнада ұлттық өнеріміз Айтысты республикалық деңгейде өткіздік. Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сол дәстүрдің жалғасы іспеттес "Jyr-Amanat" концерт спектаклін ұйымдастырдық. Осы ретте Елбасымыз төрағалық ететін "Nur Otan" партиясына ерекше ризашылығымызды білдіреміз! - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

76726028_154870415792360_5123999853617086464_n.jpg

Оның сөзіне қарағанда, "өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді қайта жаққан – осы біздің тәуелсіздігіміз". 

78876442_154870369125698_2151310115968385024_n.jpg

Азаттықтың арқасында ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, жас ұрпақты ізгілік жолында тәрбиелеуге мүмкіндік алдық. Еліміз байтақ, жеріміз ауқымды болған соң жыр-терме өнерінде әртүрлі мектеп қалыптасқан. Бүгінгі кеште осы ұлттық өнеріміздің төрт құбыласы түгенделді десек те болады. "Арқа", "Қаратау", "Сыр елі", "Жетісу", "Атырау-Жайық", "Ақтөбе", "Маңғыстау" сияқты 7 мектептің өкілдері өз өнерлерін ұсынды. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы бір кеш болды. Ұлттық өнеріміз көрерменімен жаңғыра бермек - дейді елорда басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған сөзінде.
79158316_154870575792344_2884209318247268352_n.jpg
Өзгелердің жаңалығы