Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді

12 Мамыр 2022, 19:40
1882
Бөлісу:
Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді
PHOTO
Фото: автордан

 Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді. Бұл атыраулық экобелсенділердің пікірі.  

Бүгін Атырау қаласында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың өңірдегі өкілдіктігінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Басқосуға экобелсенділер, әр сала мамандары қатысты.  Атыраулық экобелсенділерді мажоритарлық сайлау жүйесі қуантып отыр екен. Олар өңірдегі экологиялық проблемаларды шеше алатын халық қалаулылары саяси аренаға келеді деп сенеді. 

Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді

Тәуелсіз қоғамның өкілі ретінде мен бұрын біздің елде мұндай жаңашылдықтар болғанын көрмедім. Соның ішінде Президет билігін жан-жақты өкілеттіктерге бөліп беруі бұрын-соңды болмаған жағдай. Мәслихаттың құрамы да түбегейлі жаңарғалы тұр. Облыстық мәслихатқа мажоритарлық жүйемен елу пайыз депутат жаңадан сайланады. Олар қоғамдық ұйымдардан, өңірдегі белсенділерден құралады. Сондықтан халықтың дегені болады деп ойлаймыз. Ел ішінде мажоритарлық сайлау жүйесімен сайланған халық қалаулылары болса, өңіріміздегі экологиялық проблемалардың шешілуіне үлкен септігін тигізеді.  Мұндай саяси өзгерісті көптен күткен едік, - деді экобелсенді, «Атамекен Эко» қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллин.  

 

Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді

Ал атыраулық ғалымдар  бұл саяси реформа жүзеге асса, жастарға жол ашылып, саясатқа келетіндеріне сенімді. 

Қазіргі қоғамдағы ең басты мәселе конституциялық референдум. Бұл жастарымызға көп мүмкіндік береді. Біз жастармен жұмыс істейміз. Белсенді, білімділер өте көп. Оларды үлкен саясатқа тарта білуіміз керек. Болашақтың қозғаушы күші жастар. Жаңа Қазақстан солардан  құралуы тиіс. Олардың ойы таза, санасы таза. Сонымен қатар мені қуантатыны 6-бап. Бұрын жер мемлекеттік және жеке меншік деп айтылды. Ал негізі жердің не, оның асты-үстіндегі байлықтың иесі - халық. Бұл үлкен өзгеріс алып келеді,- деді  тарихшы, С.Өтебаев атындағы Атырау универститетінің доценті Болат Сырымұлы.

 

Конституциялық реформа экологиялық проблемаларды шешеді

Атыраулық қоғам белсенділері конституциялық реформадағы ауқымды өзгерістерді халыққа таныстырып, жіті түсіндіру керек екенін айтады. Сөздерінше еліміздегі бұл тарихи қадамды бүкіл қоғам қолдайды.

Референдумның дәл уақыты келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметін бастағалы ашық үкімет, еститін үкімет қалыптастырамын деді. Сол мақсатта халықтан, үкіметтік емес ұйымдардан, қоғам белсенділерінен көптеген ұсыныс пікірлер, өзекті мәселелер көтерілді. Соның барлығын жинай келе конституцияның 31 бабын өзгертіп, 2 бап қосылғалы отыр.  Бұл реформада парламенттегі, облыстық,  жергілікті және аудандық мәслихаттарға халықтың әсер ету үлесі өте зор. Осы өзгерісті қос қолдап қолдаймын. Алдағы уақытта сайланған депутаттар халықпен санасады. Егер елге ісі ұнамаса, сайлаушыларының пікірімен санаспаса, мандатын қайтарып алады. Бұл депутатарға үлкен жауапкершілік жүктелді деген сөз. Міне, осындай оң өзгерістер болады. Халықтың көңілінен шығатын көптеген реформалар енгілізіп жатыр,-дейді Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Серік Қадіров. 

Өзгелердің жаңалығы