Конституциядағы өзгерістерге байланысты бірқатар аймақта онлайн отырыс өтеді
12 Мамыр, 12:00 378

Конституциядағы өзгерістерге байланысты бірқатар аймақта онлайн отырыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚРКФ Республикалық штабының төрағасы Нұрлан Өтешевтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы аймақтық штабтарының Үйлестіру кеңестерінің онлайн отырысы өтеді.  

Іс-шарада республикалық референдум мақсаты мен алдағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру іс-шараларын талқылау жоспарлануда.

Алдағы референдум – мемлекет үшін маңызды кезең, оның барысында ҚРКФ кәсіподақ ұйымдары еңбек ұжымдарында конституциялық реформаларды  түсіндіруге белсене атсалысады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ірі қоғамдық ұйым ретінде тәуелсіз жалпыхалықтық дауыс беруді өткізуге мүдделі.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің «Референдум өткізу туралы» Жарлығы шыққан кезден бастап ҚРКФ Атқару комитеті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының халықты дұрыс ақпараттандыруға және Қазақстан азаматтарына ұсынылып отырған реформаларды түсіндіруге белсенді қатысу ниеті туралы Үндеу қабылдады.

Кәсіподақтар федерациясының жанынан барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіретін Республикалық штаб өз жұмысын бастады. Республикалық штабтың жетекшісі – ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев.
Аймақтық штабтарды аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағалары басқарады. Қазіргі таңда штабтардың бірыңғай жұмыс жоспары бекітілді, Үйлестіру кеңестерінің отырыстары өтуде.
Ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында кәсіподақ көшбасшыларының еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулері жоспарлануда.

ҚРКФ Заң клиникаларының және аймақтық кәсіподақтар орталықтарының базасында конституциялық реформа және референдумға дауыс беруге қатысу мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау мен жедел желілер ашу қолға алынды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...