Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жан-жақты нығайтты

30 Тамыз 2020, 12:16
2695
Бөлісу:
Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жан-жақты нығайтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Конституция мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жүйесін жан-жақты нығайтты. Ел экономикасын түбегейлі реформалау мен оны терең дағдарыстан шығарудың мәселелерін шешті. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің заң факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары PhD докторы Қанат Әбділов тілдесу барысында айтты.

Оның айтуынша, Ата Заң еліміздің сындарлы сыртқы саясат жүргізуіне ықпал жасап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті. 
Өркениетті əлемде азаматтардың жалпыға танылған құқықтары мен бостандықтарын орнықтырып, демократиялық институттарды дамытты. Сонымен, Конституциямыз тиімді мемлекеттік құқықтық жүйеміздің орнығуына, нарықтық экономикамыздың қалыптасуына, халқымыздың əл-ауқатын көтеруге, Қазақстанымыздың саяси, экономикалық, əлеуметтік дамуының бастауы болды. Конституциялық принциптер елімізде демократиялық жəне саяси жүйенің қалыптасуына, адам құқығы мен бостандығының қорғалуына кепілдік берді. Конституциямыз - қазақстандықтардың бойында азаматтық жəне қазақстандық патриотизм сезімдерін тəрбиелеуде, халықтың идеялық-мəдени дамуының негізін құраушы, қоғамдық саяси үрдістерге əрбір адамның қатыстылығын паш ететін үлкен саяси жəне құқықтық құжат. Тəуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңселі болуын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ететін басты құжаттың қабылдануының бұл белесі рухани топтасуымызға, алғы күндерге сеніммен ұмтылуымызға да жігер бере түсетіні сөзсіз,-дейді PhD докторы. 
Конституция күні - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең негізгі мерекелерінің бірі. Ғасырлар тоғысында əлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дəуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 
Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тəуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мəні бар ауқымды атқардық. Біз аз ғана 20 жыл ішінде дəулеті тасыған қуатты да əлеуметті елге айналдық. Кең байтақ жеріміздің шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз əлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды,-дейді ол. 
Сонымен қатар, ол еліміздің әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде əлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналғанын жеткізді. 
Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл - адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Конституция күнінің елдік пен егемендіктің, іргесі берік мемлекеттіліктің темір қазығына айналған əсем Астанамыздың төрінде тойлануының да өзіндік мəні зор. Қазақ мемлекетінің өсіп-өркендеп нығаюына, дамуына негіз болған Ата Заңымыз – қазақ елінің мəңгілік ел екендігін дəлелдейді. Конституция еліміздің - мəңгілік заңы екеңдігін қазақ елі мойындайды. Өз Отанын сүйіп, мақтан тұтып, оның заңдарына бағынуы - əрбір Қазақстан азаматының елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. Конституция заңдарымен өмір сүру - қазақ елінің жарқын болашағы. Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі,-дейді Қ. Әбділов.
Сондай-ақ, ол елімізде кезең-кезеңмен өткізілген конституциялық қайта құрулар мемлекеттік құрылымның тиімді дамуына, демократиялық қағидаларға сүйеніп азаматтық қоғамның мүдделерін қамтамасыз ететінін айтты. 
Қазіргі қазақстандық жүйе биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы, конституциялық реформа Қазақстанды шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадамдардың бірі болды деп нық сеніммен айта аламыз,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы