Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ конференциясына дайындық талқыланды

21 Қаңтар 2020, 18:45
1544
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ конференциясына дайындық талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Парижде Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуанмен кездесті. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ол Үкіметтің сауда мәселесіне жауап беретін мүшесі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Француз-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы. Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ДСҰ-ның Министрлік конференциясына дайындық барысын талқыладық. Франция бұл кездесуге үлкен үміт артып отыр. Саудалық қарсы тұру және протекционизм бірыңғай жана-жақты әлемдік сауда қағидалары үшін барынша қатерлі, сондай-ақ заманауи жағдайда даму үшін серпін беру қажет деген ортақ пікірге келдік - деп жазды министр.

Оның сөзіне қарағанда, кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері де талқыланған.

2019 жылдың 11 айында Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 4 млрд. долларды құрады.Францияға қазақстандық экспорттың 1%-ке өскенін атап өтеміз. Біз Парижге шикі мұнай, уран, катод пен мыс, балық өнеркәсібі өнімдерін жеткіземіз. Өткен жылы экспорт 3,4 млрд долл. құрады.
Франциядан Қазақстанға ұшу аппараттары, дәрі-дәрмек заттары мен вакциналар,электр трансформаторлары жеткізіледі.
Әріптесіммен тауар айналымын өсіру мүмкіндіктерін де талқыладық - деді министр.

Сондай-ақ, министр Қазақстан өз экспортының құрылымын әртараптындыруды мақсат етіп отыр.ғанын айтты.

Франциялық әріптестерге Франция нарығы талап ететін, құны жарты миллиард доллардың 85 түрлі әлеуеттік тауарлар тізбесін зерделеуді ұсындым. Бізде бидай ұнын, металлургия, химия өнімдерін жеткізуді қосымша ұлғайту мүмкіндіктері бар. Лемуан мырзамен болған әңгіме тауар айналымын өсіру үшін бірлесе жұмыс жасауға серпін береді деп сенемін - дейді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы