Конфедерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы ұпайды әкелді

6 Ақпан 2019, 13:31
2005
Бөлісу:
Конфедерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы ұпайды әкелді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таиланд құрамасына қарсы алғашқы мачта қарсыласы Мананчая Савангкаевтан 6:1, 6.3 есебімен басым түсті. 

Теннистен Қазақстан құрамасы сапында Юлия Путинцева, Зарина Дияс,  Галина Воскобоева, Анна Данилина және Гозаль Айнитдинова бақ сынайды.

Еске сала кетсек, Федерация кубогының Азия/Тынық мұхиты аймағы тобында Қазақстан, Үндістан, Таиланд, Қытай, Корея, Индонезия, Тынық мұхиты өзара мықтыны анықтайды. Қазақтан ұлттық құрамасының барлық матчы 6, 8, 9 ақпан күндері 11:00-де басталады. Финал 11 ақпан күні өтеді. 

Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы