Бас жаңалықтар
Шымкентте автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, кондуктор қаза тапты
17 Қыркүйек 2019, 09:11 332

Шымкентте автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, кондуктор қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жол апатынан 13 адам жарақат алып, 39 жастағы әйелдің 3 саусағы жұлынып кетті, деп хабарлады «Хабар 24».

Автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып, қатты соққыдан автобус аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кондуктор әйел қаза болды. 13 адам жарақат алды. Олардың үшеуі – бала.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.


«39 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миы шайқалған. Сонымен қатар, сол жақ қолының 3 саусағы жұлынып кеткен. Жалпы ауруханаға 10 адам түсті. Олардың ең кішісі 17-де, ал ең үлкені – 56 жаста», - деді №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына қарамастан өтіп кеткен.

«Жолаушылар автобусының жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, бағдаршамның рұқсат етілмеген сигналына қарамай өтіп кеткен, салдарынан Toyota Camry маркалы көлікпен соғысып қалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп түсіндірді Шымкент қаласы ПД сыртқы және ішкі коммуникациялар басқармасының басшысы Әсел Саденова.





Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық