Конькимен жүгіруден Әлем кубогінда Айдова ондыққа енді

21 Қараша 2021, 11:28
665
Бөлісу:
Конькимен жүгіруден Әлем кубогінда Айдова ондыққа енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Қазақстан ерлер командасы спринттен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық спринтте қазақстандықтар жеңімпаздан 2.77 секундқа ұтылып, жетінші орын иеленді.

Бұл бәсекеде Қытай командасы алтын жүлдегер атанса, күмісті Норвегия, қоланы Польша спортшылары еншіледі.

10 000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Бағдәулет Сағатов 28-ші, Виталий Щиголев 30-шы, Максим Баклашкин 31-ші орынға тұрақтады.

Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан В тобында 10-шы орын алса, Евгений Кошкин 18-ші, Иван Аржаников 25-ші орын алды.

Өзгелердің жаңалығы