Конькимен және шаңғымен сырғанап үйренгіңіз келсе...

22 Қаңтар 2021, 05:33
1825
Бөлісу:
Конькимен және шаңғымен сырғанап үйренгіңіз келсе...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегін сабақтар демалыс күндері елорданың төрт ауданында сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін және 15:00-ден 16:30 аралықтарында өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтары санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі.

Келемін деушілер мына нөмірлер арқылы тіркеле алады:

«Сарыарқа» ауданына жауапты – 8 775 188 18 38 (Қалалық әкімдік алдындағы алаңда, «Көктал» саябағы);

«Есіл» ауданына жауапты – 8 771 522 37 72 («NurAlem» Экспо алаңында, «Үркер» ықшам ауданы);

«Алматы» ауданына жауапты – 8 707 977 99 70 («Триатлон» парк);

«Байқоңыр» ауданына жауапты – 8 747 054 59 00 («Жастар» сарайы, «Кирпичный» тұрғын үй алабы).

Өзгелердің жаңалығы