Kompetenz лицензиясынан айырылды

1 Ақпан 2019, 13:39
1994
Бөлісу:
Kompetenz лицензиясынан айырылды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан айырды.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 2.1.24 лицензиясының (бұдан әрі – Лицензия) қолданылуының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатылғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысымен «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандыру ұйымы) 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап Лицензиядан айырылды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін Сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады. 


Сақтандыру ұйымы 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қаржылық қызметін, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады. 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен Сақтандыру ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айырған күннен бастап кредиторлардың Сақтандыру ұйымына талаптары Сақтандыру ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстармен байланысты талаптарды қоспағанда, тарату өндірісінде ғана қойылуы мүмкін. 




     

Өзгелердің жаңалығы