Бас жаңалықтар
Коммунистік партияның бағаны тежеуге қатысты өз ұсынысы бар
23 Қыркүйек 2020, 15:46 91

Коммунистік партияның бағаны тежеуге қатысты өз ұсынысы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХКП бағаны құрықтауға қатысты өз ұсыныстарын айтты. 

Бүгін партияның ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандағы инфляция. Ұлттық валюта бағамының әлсіреуі мен қажетті тауарлар бағасының қымбаттауы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде партия өкілдері оны қоғам назарына ұсынды.

Партияның астаналық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, соңғы айларда елдегі инфляциялық процестер коронавирус инфекциясының таралуы мен доллар бағамының өсуі негізінде қалыптасты. Бұл өз кезегінде азық-түлік және өзге де тауарлар бағасының өсуіне әкеліп соқты. Сонымен қатар, ақылы қызметтер 1,4 пайызға қымбаттаған. 2020 жылдың тамызында инфляция 6,9 пайызға дейін күшейді. 

Елдегі қымбаттышылықты құрықтауға қатысты бірқатар шара қабылданды. Тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұру нәтижесін бергенімен, инфляцияға әсер ететін факторларды анықтап, себеппен күресуіміз қажет. Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін Ұлттық жоспар болуы керек. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін басты бағыт етіп алуы тиіс. Сондай-ақ, азық-түлік бағасының қалыптасуына жауап беретін жұмыс тобы болғаны абзал, - дейді ол.

Осыған орай партия өз ұсыныстарын ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысушы экономист Юрий Кобко антикризистік мәселелерді шешу үшін ең алдымен Конституциядағы ұжымдық және кооперативтік меншік түсінігін қалпына келтіру керектігін атап өтті.

Ал Азаматтық кодексте осы екі құрылымның жұмыс істеу механизмі туралы бап енгізу керек. Екіншіден, халықтың қажеттілігі мен шығындарын жоспарлаудан басталатын стратегиялық жоспардың жүйесі болуы керек, аудандар мен ауылдарда тұралап тұрған агроөнеркәсіптік кешендерді айналымдық қаржымен қамтамасыз етуіміз шарт. Әр ірі округ пен ауданда шаруашылықтарға техника мен құралдарды жалға алу пунктерін құру, ауылшаруашылық өнімдерінің әр өңір бойынша шығындарын ескеретін баға құрылымының ғылыми негіздемесі бар механизмін жасау қажет, - деп атап өтті ол ұсыныста.

Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, ел экономикасының дағдарыстық күйіне тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендігі де әсер етеді. Ең алдымен, тұрғындарға, оның ішінде өңірлердегі халыққа жұмыс істеуге, ауыл шаруашылығын көтеруге жағдай жасауымыз қажет.


Фото: дереккөз
Загрузка...