Комитет: Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

5 Мамыр 2021, 11:05
1129
Бөлісу:
Комитет: Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынылды.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Мальдив Республикасы, Түркия, Украина, Армения, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3676 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 894 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 634 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 564 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 207 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы