Банктер кейбір комиссияны алмайтын болды

24 Қаңтар 2019, 16:05
16421
Бөлісу:
Банктер кейбір комиссияны алмайтын болды

Астана, BAQ.KZ. 21 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Осы заң аясында банктердің қос комиссиялар алуына тыйым салуды белгілейтін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына өзгертулер енгізілді. Яғни банктік есепшотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін комиссия алуға тыйым салынды" - делінген хабарламада. 

Осы түзетулер заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.

 Қазіргі уақытта Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде есепке алынатын 56 пайыздан аспайтын банктік қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың 11 түрі қарастырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы