Комиссия төрағасы: Сайлаушылардың 10% келіп үлгерді

9 Маусым 2019, 10:17
1501
Бөлісу:
Комиссия төрағасы: Сайлаушылардың 10% келіп үлгерді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесіне 4661 кісі тіркелген. 

«Таңертеңгі 7.00 мен 09.45 аралығында 500-ден астам сайлаушы келіп үлгерді. Бұл №52 сайлау учаскесіне қарасты сайлаушылардың 10% құрайды. Бұдан бөлек сегіз кісі дауыс беруге өздерінің келе алмайтындығы туралы өтініш жазды. Ол кісілерге сағат 12.00 ден кейін біздің мамандар мен бақылаушылар үйлеріне арнайы баратын болады», - дейді №52 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Батырхан Жұмабаев.

Сайлаушылардың белсенді екенін айтқан комиссия төрағасы таңертеңнен бері жиырмаға жуық сайлаушыға арнайы сыйлықтар таратылғанын айтты.

«Халық өте белсенді. Кей кісілер сағат 7.00 болмай келіп, сайлау учаскесінің ашылғанын күтіп тұрды. Біз өз тарапымыздан сондай ерте келген кісілер мен 18-ге енді толып, ең алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқан азаматтар мен азаматшаларға арнайы сыйлық таратудамыз», - деді комиссия төрағасы.
 

Сондай-ақ, Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесінде бес бақылаушы тіркелген. Олар «Нұр Отан» партиясынан, «Ұлт Тағдыры» қоғамдық қозғалысынан және «Аманат» азаматтық платформасының атынан сайлаудың әділ әрі таза өтуін бақылайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы