Комиссия аштық құрбандарының толық тізімін жасай ма?

9 Сәуір 2021, 16:26
1806
Бөлісу:
Комиссия аштық құрбандарының толық тізімін жасай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дегі онлайн брифингте аштық құрбандарының толық тізімін жасау күрделі мәселе екенін айтты.

Бірқатар ғалым саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары аясында 1920-1930 жылдардағы аштық құрбандарының тізімін жүргізу жұмыстарын қолға алу туралы ұсыныстар айтып жүр. Ералы Тоғжанов комиссия аштық құрбандарының толық тізімін жасауды қолға ала ма деген сұраққа жауап берді.

20-30 жылдардағы аштық кезеңі зерттеледі. Ол - комиссия жұмысының негізгі бағытының бірі. Дегенмен толық тізімін жасау күрделі мәселе. Себебі еліміздегі азаматтарды құжаттандырудың сұрағы 35-36 жылдарда ғана басталғанын ескеруіміз керек. Ғалымдардың арасында деректер әр түрлі. Мысалы, кейбір тарихи деректерде 21-22 жылдарда халықтың саны 30%-ға кеміген. Сол кезеңдерде шамамен 2 млн халқымыз қуғын-сүргін мен аштықтың құрбаны болғаны туралы да деректер бар. Бұл ақпараттарды комиссия өз жұмысы барысында нақтылайды, - деді ол.

Тоғжанов атап өткендей, 20-30 жылдар мен қазіргі күнді салыстырсақ, ол кезеңнің куәгерлерінен ешкім қалмағаны да белгілі.

Кейінгі кезеңнің өзінде де аштық құрбандарының аты-жөнін нақтылайтын тізімді дайындауға қиындық тудыратыны – қалғандарының ішіндегі адамдардың санының аздығында. Яғни куәгерлер жоқтың қасы. Сол себепті бұл – комиссияның, ғалымдардың жұмысы, - деп жауап берді Тоғжанов брифингте.

Үкімет мүшесі айтып өткендей, толық тізімді жасау күрделі мәселе болып тұр.


Өзгелердің жаңалығы