Көмірдің орташа бағасы қанша?

2 Қыркүйек 2021, 14:15
10315
Бөлісу:
Көмірдің орташа бағасы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі көмір бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандум жасасты. Бүгінгі таңда қалада 10 жерде көмір сататын 7 негізгі компания бар. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы меморандумдарға сәйкес көмірдің орташа бағасы белгіленді:

Шұбаркөл - тоннасына 13 200 тг;
Қаражыра - тоннасына 13 500 тг;
Майкөбе - тоннасына 12 000 тг;
Богатырь көмірі - тоннасына 9 500 тг.

Көмірді келесі мекен жайлар бойынша сатып алуға болады:

- Герцен көшесі, 4/1- қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Сороковая стансасы - қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Герцен көшесі, 6/2 – ұсақ богатырь, майкөбе, қарағандылық жалын, қаражыра, шұбаркөл сорты;
- Көктал, 28/1 - майкөбе;
– Жұбанов к-сі, 35 - шұбаркөл;
- Көктал, 28/2 - шұбаркөл;
- Ж. Жабаев көшесі, 68 - қаражыра сорты;
– Мақат к-сі, 40 - қаражыра сорты, қаражыра;
- Герцен көшесі, 6Б - богатырский, қаражыра, жалын, майкөбе;
- Сороковая стансасы - шұбаркөл.

Сондай-ақ 109 нөмірі бойынша «жедел желі» құрылды, ол арқылы қала тұрғындары көмірдің құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. Әкімдік күн суығанда қарбалас болмас үшін қала тұрғындарын отынды алдын ала сатып алуға шақырады.

Сондай-ақ бүгінгі күні қалада газдандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный» т / а, «Агроқалашық» бөлігіне газ беру толық қамтамасыз етілді. Ішкі желілерді жүргізген тұрғындар үйлерін газға қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтінім беруі қажет.

Осы жылдың қараша айына дейін «Юго-Восток», «Промышленный», «Агроқалашық» ТМ-де (2020 жылы газға қосылмаған бөлік) газ беруді қамтамасыз ету жоспарлануда. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақпараты бойынша биыл «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный» ТМ-де газды іске қосуды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы