Коми Республикасының басшысы коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түсті

16 Маусым 2021, 16:03
1626
Бөлісу:
Коми Республикасының басшысы коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түсті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коми Республикасының басшысы Владимир Уйба коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түсті.

Ол әлеуметтік желілерде видеоүндеу жолдады. Айтуынша, ақпан айында «Спутник V» вакцинасын салдырған. Соның арқасында ауру ағымы жеңіл өтіп жатыр екен.



Егер сол кезде вакцина жасатпағымда, қазір ПТР талдау нәтижелері бойынша анықталған микробты жұқтыру салдарынан ауру ағымы өте ауыр өтетін еді. Қазір жағдайым қанағаттанарлық, - деп мәлімдеді Уйба.

Коми басшысы коронавирусты жұқтырғаннан кейін жағдайыңның қандай болатынын болжап біле алмайсың дейді. Сол себепті ол барлық азаматты міндетті түрде вакцина салдыруға шақырды. 

Сондай-ақ ол ауруханада жатса да, қашықтан үкімет жұмысына атсалысып жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы