Коменданттық сағат туралы тараған ақпарат жалған – әкімдік

27 Наурыз 2020, 16:20
1954
Бөлісу:
Коменданттық сағат туралы тараған ақпарат жалған – әкімдік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда 27 наурыздан бастап халықтың, соның ішінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруын шектейтін эпидемияға қарсы режимнің енгізілуі туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік желілердегі 2019 жылғы 19 наурыздағы №01 "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" хабарлама жалған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сіздерден әлеуметтік желілерде тарайтын жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздеріне сенім танытуларыңызды сұраймыз. Барлық тексерілген дәл ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан ала аласыздар, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде.



Өзгелердің жаңалығы