Әйелдер колониясының бастығы мен бас бухгалтері пара алды деген күдікпен ұсталды

13 Ақпан 2020, 11:37
2323
Бөлісу:
Әйелдер колониясының бастығы мен бас бухгалтері пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК департаменті мен Атырау облыстық прокуратурасының бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес қоластындағы бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.
PHOTO-2020-02-13-11-18-55.jpg

Атырау қаласы мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. 



 

Өзгелердің жаңалығы