Колония қызметкерлері жол апатына түскен қызға көмек көрсетті

15 Қаңтар 2019, 09:37
2179
Бөлісу:
Колония қызметкерлері жол апатына түскен қызға көмек көрсетті

Астана, BAQ.KZ. Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орын алды. ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері күндіз жол-көлік апатына ұшырап, салдарынан зардап шеккен оқиғаның куәгері болды. Бұл туралы ҚАЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпсіздік мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көліктерімен жолды жауып, тез арада апаттан зардап шеккен 13 жасар қызға бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң қызды Айыртау орталық аудандық емханасына жеткізеді.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы бір қалыпты, емханадан шыққан.

Апатқа жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалған жеңіл автокөлік жүргізушісін құзыретті органдар анықтап жатыр.

ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлеріне алғыс жариялауға ұсынылды.

 

Өзгелердің жаңалығы