Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған жігіт ұсталды

9 Қараша 2021, 15:17
1167
Бөлісу:
Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік жуу орталығындағы сейфтен ақша ұрлаған 19 жастағы тараздық ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны белгісіз адамның қала ішіндегі көлік жуу орнындағы жайдан сейфті бұзып, 40 000 теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы