Бас жаңалықтар
Елордадағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі
05 Маусым 2019, 10:30 347

Елордадағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап елорда көшелерінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында. 

«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Алматы көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың маусым айының 5-нен 18-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген хабарламада. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

Загрузка...

Сізден жаңалық