Бас жаңалықтар
Көлік кептелісінің көкесі. «QazAvtoJol» басшысы «Алтын Ордадағы» көпір қашан аяқталатынын айтты
08 Қыркүйек 2021, 14:02 539

Көлік кептелісінің көкесі. «QazAvtoJol» басшысы «Алтын Ордадағы» көпір қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы «Желмая» жобасында айтты.

Мен қызметке алғаш келген кезде берілген негізгі тапсырмалардың бірі осы болды. Басында қарапайым құрылыс болған. Қазір ол саяси маңызға ие болып кетті. Себебі ұзаққа созылды. Халық тарапынан да наразылық көп болды. Қызметке келгенде ең алғашқы жұмыс сапарым да «Алтын Ордаға» болды. Мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, сараладық. Мемлекет басшысы биыл жыл соңына дейін көпірді аяқтауды тапсырды. Біз сол тапсырманы жүзеге асыруға тырысып жатырмыз, - деді Асқар Мұратұлы.

Ол «Үлкен Алматы айналма жолы» құрылысы да жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты.

Ол жол бірнеше ауылды басып өтетін болғандықтан біраз мәселе туындап отыр. Жол ауылдардың ортасынан өтеді. Ауылдардың қарым-қатынасы жайлы сұрақтар туындап жатыр. Оларға да қосымша көпірлер салу керек. Ауыл мен әлеуметтік нысандарды да жалғау керек. Оны негізгі мердігер мен құзырлы комитет реттеп жатыр, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...