Көлігіне жалған нөмір таққан екі атыраулық анықталды
12 Қараша 2021, 22:45 386

Көлігіне жалған нөмір таққан екі атыраулық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан екі атыраулық анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

8-17 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде 8-9 қараша күндері Атырау-Ақтөбе тас жолында маркасы Hyundai Santafe және Құрманғазы ауданында Армения Республикасының маркасы Nissan Bluebrd автокөліктерін тоқтатып, тексеру кезінде мемлекеттік белгілері жалған екені анықталды. 

Көліктердің жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.


Фото: дереккөз
Загрузка...