Көлгінов жаңа шағын ауданға жол төсеуді тапсырды

10 Сәуір 2021, 20:44
1290
Бөлісу:
Көлгінов жаңа шағын ауданға жол төсеуді тапсырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданы аралау барысында қордаланған проблемалардың шешілу жолын айтты.

Қаланы аралау мен жұмыс бабы бойынша өтетін жиналыстардан бос уақытта әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды күнделікті тексеруге тырысамын. Сіздердің пікірлеріңізді, өтініштеріңізді оқимын, қандай сұрақтар мен мәселелер көтеріліп жатқандығын көремін. Олар бойынша бірқатар тапсырмалар беремін: тікелей сол жерге бару, тұрғындармен сөйлесу, түсіндіру және т.б. – дейді ол.

Көлгінов жаңа шағын ауданға жол төсеуді тапсырды

Мысалы, өтініштердің бір бөлігі үлескерлерден келеді.

Ұзақ жылдар бойы заңды пәтерлерінің кілттерін күту оңай емес екенін түсінеміз. Бірқатар құрылыс жұмыстары аяқталып, үлескерлер пәтерлеріне көшті. Әрбір құрылысы ұзаққа созылған нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенінің бір бөлігінде ешқандай құжаттама болған жоқ. Ал құжаттарсыз, үйдің қауіпсіздігін тексерусіз құрылыс жұмыстарына кірісуге болмайды – дейді қала басшысы.

Көлгінов жаңа шағын ауданға жол төсеуді тапсырды

Ол өзіне жаңадан салынып жатқан шағын ауданда тұратын тұрғындардың хабарласқанын айтты.

Тұрғындарға ыңғайлы жол салынбаған: батпақ (Төле би көшесі). Адамдар түгілі, машиналарға өту қиын. Ауданда 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені орналасқан ("Смарт сити", "Театральный", "Баспана", "7 палат", "Zam zam", "Алтын шар 2" ТК). Аталған жолдың құрылысын осы жылға арналған кестеге енгізуді тапсырдым. Жол құрылысының яқталу мерзімі биылғы жылдың күзі екенін ескере отырып, тұрғын үй кешеніне уақытша өтпе жол төселеді. Құрылыс ұйымдарына уақытша жолға өту жолдарын қамтамасыз ету тапсырылды. Уақытша өтпе жол салу жұмыстары аяқталғанға дейін "Нова сити Тұран" ТК, "Гранд Тұран Комфорт" ТК, "Гранд Тұран" ТК құрылыс жұмыстары тоқтатылады, нысандарға кіретін топтар жабылады, - деді Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы