Бас жаңалықтар
Көлгінов: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетіне «халықтың қатысу» үлесі 10 есеге артты
VIDEO
05 Қыркүйек 2021, 18:22 2089

Көлгінов: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетіне «халықтың қатысу» үлесі 10 есеге артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл сайын қала тұрғындары бос уақытын таза ауада өткізе алатын тартымды орындар көбейіп келеді, деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.

Оның сөзінше, бұл – аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар). Аулаларды абаттандыруды жобалау үшін көпқабатты үйлердің тұрғындары жұмылдырылады.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бюджетке халықтың қатысуы маңызды басымдық болып саналатынын атап өтті. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы» бастамаларды азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес іске асыруға мүмкіндік береді. Президенттің тапсырмасы бойынша абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетіне «халықтың қатысу» үлесі 10 есеге артты, - деп атап өтті ол.


Көлгінов «Бюджетке қатысу» жобасы алғаш рет елордада 2019 жылы іске қосылғанын еске салды.

Жоба Сарыарқа ауданынан бастау алды. Кейін Алматы және Есіл аудандарын қостық. Осы жылы аталған жобаны елордамыздың барлық ауданында жүзеге асырамыз. «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы – ауласы қандай болатынын тұрғындардың өзі шешеді. Тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтінім беріп, өз ауласының келбетін ұсынады: қандай орындар салу керек, қандай спорт алаңдары қажет және т.б. Мысалы, «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша биылдың өзінде 50-ден астам ауланы абаттандырдық, өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осылайша, Сарыарқа ауданында – 10 аула, Байқоңыр ауданында – 27 аула, Алматы ауданында – 5 аула, - деді әкім.

Екі жыл ішінде 400 қоғамдық кеңістік пен аула салынды. Қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге үлкен көңіл бөлінді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...