Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасы жабылды

5 Желтоқсан 2019, 21:02
6746
Бөлісу:
Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Құрметті жүргізушілер, көктайғаққа байланысты "Нұр-Сұлтан- Петропавл" автожолының:  км 301-341 учаскесі, Солтүстік Қазақстан облысы-Көкшетау қаласы шекарасы; А-1 "Нұр-Сұлтан-Петропавл",  Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан шекараларындағы 341-473 км бойынша АВТОКӨЛІКТІҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІНЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ!, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жолдағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін + 7 7172 444 777 нөміріне және +7 771 7444 777 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp-қа хабарласуға болады.


Өзгелердің жаңалығы