Елордада автобустар кешігіп жатыр

5 Қазан 2021, 10:45
2750
Бөлісу:
Елордада автобустар кешігіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты автобустар қозғалыс кестесінен кешігіп жатыр.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауу, көктайғақ) көлік ағыны мен қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы төмендеп, автобустар кешігіп жатыр. Қоғамдық көлік жолағы жоқ учаскелерде автобус жүретін белгіленген уақытқа сай болмай жатыр, - делінген CTS компаниясы таратқан хабарламада.

Жолдарда қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Сол себепті, CTS компаниясы жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтау қажет екенін ескерткен.


Өзгелердің жаңалығы