Көкшетаулық клуб шайбалы хоккейден құрлық кубогын жеңді

14 Қаңтар 2019, 10:50
2184
Бөлісу:
Көкшетаулық клуб шайбалы хоккейден құрлық кубогын жеңді

Астана, baq.kz. Шайбалы хоккейден Көкшетаудың "Арланы" өз тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогы иегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды. 


Ирландияның Белфаст қаласында өткен Құрлық кубогының финалында "Арлан" Беларустің "Гомель", Польшаның "Катовице" және Ирландияның "Белфаст Джайантс" клубтарына қарсы ойнап, барлығында жеңіске жетті. 

Алғашқы кездесуде "арландар" польшалық "Катовицені" 4:2 есебімен жеңді. Ал белорустық "Гомельді" қазақстандық команда 8:2 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстандық клуб сапынан екі шайба соққан Дмитрий Потайчук үздік ойыншы деп танылды. 

Үшінші әрі шешуші кездесуде "Арлан" айдын иесі "Белфаст Джайантс" командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық клуб өз тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогы жеңімпазы атанып отыр.
Өзгелердің жаңалығы