Бас жаңалықтар
Көкшетауда жемқорлыққа қарсы студенттік квест басталды
26 Қаңтар 2021, 22:43 258

Көкшетауда жемқорлыққа қарсы студенттік квест басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында «AntiParaCraft-2021» бірінші студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесті басталды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық Арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгүл Соловьева, АМТ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов, «Саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, университет ректоры Марат Сырлыбаев және модератор ретінде әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, әдеп жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткері Ғалым Байтук қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын-квест сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдісі ретінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді тартуға, парасаттылық пен академиялық адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге және таратуға бағытталған.

Бір ай ішінде студенттер алдын ала дайындалған пранк-арандатуларды болжап, QR-кодтардың көмегімен криминалистік, зияткерлік және шығармашылық міндеттерді шешетін болады, бейнетаспалар жасайды.

Халық қана емес, өз елінің белсенді азаматтары болу өте маңызды. Сіздерге, жастарға, даму мен бастамалардың драйвері ретінде үлкен үміт артылады. Сіз сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құрып, болашақта мемлекетіміздің өркендеуін қамтамасыз ететіндігіңізге үміт артамыз, - деп атап өтті Айгүл Соловьева өз сөзінде.

Қайыржан Тоқышев студенттік жастарға бейнеконференция байланысы режимінде өз тәлімін беріп, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенділікке шақырды.

Факультеттердің командаларын студенттік активтер жиналыстарында дауыс беру әдісімен бұрын таңдалған «Адалдық капитандары» басқарды. Олар көмекші болып, университеттің Әдеп жөніндегі уәкілінің өз факультеттерінде жұмыс істейді.

Жас ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін біз «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобаларын іске асырамыз, сондай-ақ Адалдық сағаттарын өткіземіз. Әділдік, парасаттылық пен сенім еліміздің әрбір жас азаматы үшін басты құндылық болатынына сенімдімін, - деді Мұрат Төлеубаев.

Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы команда жетекшілеріне «Адалдық капитандары» куәліктерін табыс етті. Сондай-ақ, Көкшетау университеті мен Республикалық Арнайы мониторингтік топ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, квест финалында ақпан айының соңында «Адалдық капитандары» турнирі өтеді, онда жеңімпаздар арнайы өтпелі сыйлық - Адалдық кубогымен марапатталады.


Фото: дереккөз
Загрузка...