Бас жаңалықтар
Көкшетауда жаппай төбелес болды
11 Қыркүйек 2021, 12:10 1888

Көкшетауда жаппай төбелес болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай төбелеске қатысушыларды Ақмолалық полицейлер оқиға орнында ұстады.

Бұзақылық фактісі 8 қыркүйекте сағат 02:51 шамасында тіркелді. «102» пультіне Көкшетаудың ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары мен жедел-тергеу тобы дереу жіберілді, - делінген Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер анықтағандай, оқиғаға қатысушылар, 19-23 жас аралығындағы жастар ойын-сауық мекемесінде болған. Содан кейін мас күйінде жігіттердің бірі басқа топқа барып, сөзге келіспей қалып, жанжал туған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды.

Төбелеске қатысы бар деген 4 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, оның ішінде бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті де болған. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...