Көкшетауда заңсыз жұмыс істеген 14 шетелдік анықталды

12 Маусым 2021, 06:35
1614
Бөлісу:
Көкшетауда заңсыз жұмыс істеген 14 шетелдік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола полицейлері салынып жатқан нысанда 14 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сонымен қатар «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат құжаттары болмаған бір шетелдік Ерейментау ауданының аумағында анықталды. 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кешені барысында көппәтерлі тұрғын үйдің салынып жатқан ғимаратын тексерді. 

Нысанды тексеру кезінде полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 14 азаматын анықтады, олар жұмысшы-құрылысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды, ал шетелдіктерде жұмысқа орналасуға рұқсат құжаттары болмады. 

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

ҚР ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша заңды бұзып, шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқан жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 7-16 маусым аралығында Ақмола облысының аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Бірнеше күн бойы көші-қон қызметі, криминалдық, патрульдік полиция қызметкерлері және учаскелік инспекторлар қатарынан полицияның арнайы құрылған мобильді топтары рейдтік іс-шаралар өткізеді. 

Бүгінгі күні облыс орталығында 11-ден астам осындай топтар құрылды, тәртіп сақшыларының назарында – құрылыс объектілері, базарлар мен басқа да сауда орындарының аумақтары, қонақ үйлер, вокзалдар, сондай-ақ заңсыз көшіп-қонушылардың басқа да ықтимал орындары.

Өзгелердің жаңалығы