Бас жаңалықтар
Көкшетауда вакцина алғандарға ақшалай сыйақы берілуде
25 Маусым 2021, 18:50 1076

Көкшетауда вакцина алғандарға ақшалай сыйақы берілуде

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаулық кәсіпорындар тұрғындарды екпе салуға ынталандыру мақсатында вакцина алған қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беруде.

«Ақсай нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәуле Қуантайқызының айтуынша, өңірде халықты екпе алуға ынталандыруға бағытталған акцияға кәсіпорын да өз үлесін қосуда.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның вакцинацияланған қызметкерлері 2 мың теңге жалақыға қосымша ақы алады. Нан зауытында 172 адам еңбек етеді. Бүгінгі күні кәсіпорынның 20-ға жуық қызметкері вакцинацияланды. Алдағы күндері 50-ден аса қызметкер вакцина алады деп күтілуде. Ынталандыру шараларының нәтижесінде коронавирусқа қарсы екпе салғысы келетіндер саны артуда. Қызметкерлер екпе алуға көптеп келе бастады, - деп мәлімдеді «Ақсай нан» ЖШС-нің директоры Сәуле Қуантайқызы.

Оның айтуынша, көршілес елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және «Дельта» штаммының алдын-ала анықталуына байланысты Үкімет тарапынан шұғыл шешімдер қабылдануы тұрғындар денсаулығы үшін жасалып отырған қадам.

Статистика көрсеткендей, өкінішке қарай, кейбір азаматтар үйде оқшаулау режимін сақтамайды, адамдар көп жиналатын нысандарға баруға, қала ішінде жүреді, осылайша басқа келушілер үшін жұқтыру қаупін тудырады. Осы ретте, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұжымдар үшін вакцинациясыз жұмысқа шектеулер енгізілуде. 1 шілдеден бастап кәсіпорын қызметкерлерінен вакцина алғандығы туралы төлқұжат немесе ПТР-тестілеуден өткендігін растайтын анықтама талап етіледі, - дейді кәсіпорын директоры.


Фото: дереккөз
Загрузка...