Көкшетауда үшем дүниеге келді

3 Мамыр 2021, 14:55
1531
Бөлісу:
Көкшетауда үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда үшем дүниеге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Зәуреш есімді келіншек 2 мамырда Көкшетаудағы перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелген.

Нәрестелердің үшеуі де ұл балалар. Қазіргі кезде, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді, - деді ведомстводан. 

Айта кетсек, әйел мерзімінен бұрын, 32 апталығында толғағы келгендіктен, дәрігерлер оны кесарево тілігі бойынша босандырып алған. Бұл соңғы 10 жылда Көкшетауда дүниеге келіп отырған үшем. Бұл отбасының бұдан бөлек екі қызы бар.



Өзгелердің жаңалығы