Бас жаңалықтар
Көкшетауда ПИК-тер жаңғыртылады
28 Мамыр 2019, 13:00 408

Көкшетауда ПИК-тер жаңғыртылады

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында пәтер иелері кооперативтері ассоциациясы құрылуы мүмкін. Бұл туралы ПИК төрағаларымен өткен кездесуде облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов мәлімдеді.

Полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов ПИК төрағаларын учаскелік инспекторлармен тығыз қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде туындайтын мәселелерді шешуге шақырды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Көкшетауда полиция жасақтарының саны артқан, ал жаяу патрульдеу үшін қызметтік иттер қолданылады.

«Көкшетау қаласының көп қабатты үйлерінің барлық аулалары мен кіреберістерінде, сондай-ақ ойын-сауық орындары мен адамдар көп жиналатын басқа да жерлерде бейнекамералар орнату жөнінде бастама көтеріп отырмыз. Бейнекамералардағы барлық деректер учаскелік полиция пунктіне келіп түсетін болады, бұл полиция қызметкерлеріне онлайн режимінде учаскедегі жедел жағдайды бақылауға мүмкіндік береді», – дейді Берік Біләлов.

Департамент бастығы халық арасында алдын алу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті, ал оны жүзеге асыруда тәртіп сақшыларына ПИК төрағалары көмек көрсетеді. Бұл – тұрғындармен әңгімелесу, кез келген тәртіп бұзушылыққа дер кезінде әрекет ету, полициямен тұрақты кері байланыс орнату, ақпарат алмасу.

«Облыс орталығында «Қазақтелеком АҚ техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, "Бұлтты бейнебақылау" жобасын одан әрі іске асыру және "Қауіпсіз аула" және "Көршілік қарау" бағдарламалары шеңберінде халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, алдағы уақытта ПИК төрағаларының қауымдастығын құруды ұсынып отырмыз», – дейді Берік Біләлов.

ПИК өкілдерінің айтуынша, автотұрақ болмағандықтан тұрғындар көліктерін үй аулаларына қояды, бұл төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көліктерінің өтуіне кедергі келтіруі мүмкін. Жиында жазғы демалыс кезінде жаяу полиция жасақтарының санын көбейту мәселесі қозғалды.

Бұдан былай қоғамдық тәртіпті қорғауда ПИК-тер жергілікті полиция қызметіне көмектесетін болады. Осы орайда құқық орғаушылар ПИК төрағаларын есірткіні насихаттайтын жазуларға, жапсырмаларға және әр түрлі граффитилерге назар аударуға, сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдар жиналатын пәтерлер туралы полицейлерге дереу хабарлауға шақырды.

«Қаладағы көпқабатты үйлердің қабырғаларында синтетикалық психобелсенді заттарды тарататын сайттардың граффити суреті салынған. Жақында жүргізілген рейд барысында 30-дан аса синтетикалық есірткі жарнамасының көзі жойылды. Есірткі және психотропты заттарды заңсыз жарнамалауды насихаттағандар 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Осындай жазбаларды дереу полицияға хабарлап, оларды жойып жіберу керек. Көптеген ПИК төрағалары бұл жұмысты жүргізіп келеді. Бірақ тек қоғамның белсенділігі арқылы ғана нашақорлықтан қорғана аламыз», – дейді департамент бастығы. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық