Бас жаңалықтар
Көкшетауда кәсіпорын қызметкерлерінің 90%-ы вакцина алды
04 Тамыз 2021, 10:38 1003

Көкшетауда кәсіпорын қызметкерлерінің 90%-ы вакцина алды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласында жүздеген қызметкері бар кәсіпорындарда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау науқаны жалғасуда.

Егілгендердің ең көп пайызы – Көкшетаудағы «ENKI» кірпіш зауытында: 243 қызметкердің 214-і вакцинацияланды және «Нәтиже Сүт», «Натур Продукт» ЖШС және басқа да көптеген өндіріс орны қызметкерлерінің 90%-ына екпе жүргізілді. Кәсіпорын басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ерікті түрде таңдау жасауына мүмкіндік туғызуда.

«Ақсай-нан – Көкшетау» нан комбинатының директоры Сәуле Соболевская биыл наурыз айында коронавирусқа қарсы вакцина алып, алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынның барша ұжымына азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Көп уақыт өтпей нан комбинатында жұмыс істейтін 169 адамның 80%-дан астамы коронавирустық инфекцияға қарсы егілді.

Алғаш рет қызметкерлерді вакцинациялауға шақыра бастағанда көбінде қорқыныш болды, бірақ біз ұжым болып екпе аудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Қызметкерлер қамырды қолмен ұстап, нан пісіреді, сондықтан біз барлық эпидемиологиялық шараны қатаң сақтаймыз. Вакцинаны алу үшін бізге Красный яр емханасының қызметкерлері қызмет көрсетті, екпе алу екі күнге созылды, - дейді нан комбинатының директоры Сәуле Соболевская.
Өткен жылы «Ақсай-Нан-Көкшетау» зауытында жеті адам коронавируспен ауырып, олардың біреуі қайтыс болды. Биыл 11 адам ауырды, алтауы емделуде.
Біздің комбинатта штаттық кесте бойынша 180 адамның 169 адамның 137-сі толық вакцинация курсынан өтті. 11 әйел бала күтімі бойынша демалыста. 12-інде вакцинацияға уақытша медициналық қарсы көрсетілім бар, олардың ішінде коронавируспен ауырғандар да бар. Яғни, медициналық көрсеткіштер бойынша екпе алу мерзімі ұзартылған. Бір ай бұрын екпе алған технологтардың бірі шамамен бір апта ауырды. Қазір өзін жақсы сезінеді. Қазіргі уақытта вакцинацияланбаған жиырма қызметкер, олардың көпшілігі екпені 10 тамызға дейін алады. Тек алты қызметкер ғана түсініксіз себептермен вакцинацияға қарсылық білдірді, - дейді нан комбинатының директоры.
Оның мәлімдеуінше, ұжым қызметкерлері арасында вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Вакцина алудан бас тартқандар апта сайын ПТР тестінің теріс нәтижесімен жұмысқа келуі тиіс немесе жалақысыз демалысқа баруы қажет. Мен ұжым басшысы ретінде сатып алушылар біздің қызметкерлердің бірі оларды қауіпті вирусты жұқтыру қаупіне душар етеді деп алаңдамауын қалаймын. Осы ретте, комбинат өнімдерін сататын барлық он екі сауда нүктесіндегі сатушылар тегіс егілгенін айта кеткім келеді. Біз Ақмола облысының дүкен сөрелеріне әлеуметтік маңызға ие 80 теңгенің формалы нанын жеткізетін жеті нан пісіру кәсіпорындарының біріміз. Зауыттың ұстанған саясаты барлығына мәлім. Сондықтан «Ақсай-нан – Көкшетау» нан комбинатының жұмысын тоқтатуға болмайды. Барлық қауіп-қатерден аулақ болу үшін жұмысшылардың отбасы мүшелеріне де вакцинациялауды ұйымдастыру жоспарда бар, - деп қорытындылады Соболевская.
Айта кетейік, кәсіпорын қалыпты режимде, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Бір айдан астам уақыт бойы кәсіпорын аумағына қызметкерлер үшін де, тұрақты тапсырыс берушілер мен жеткізушілер үшін де кіру Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...