Көкшетауда азық-түлік қоры жеткілікті, дүрлігуге себеп жоқ - Ербол Оспанов
8 Қаңтар, 11:40 273

Көкшетауда азық-түлік қоры жеткілікті, дүрлігуге себеп жоқ - Ербол Оспанов

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында ТЖ режиміне байланысты бірқатар шектеу енгізілді. 

Өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов көкшетаулықтарды өңірімізде азық-түлік қоры жеткілікті екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша бірқатар шектеулер енгізілді.

Коменданттың 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, сауда және қызмет көрсету нысандары үшін уақытша шектеулер мен тыйымдар енгізілді. Ең алдымен, бұл адамдар көп жиналатын орындарға – мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану объектілеріне, үйлену салондарына, банкет залдарына, қоғамдық моншаларға, сауналарға, бильярд залдарына, ойын және компьютер залдарына, сауда объектілеріне қатысты. Олар санврачтардың қосымша шектеулерін сақтай отырып, 22.00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Төтенше жағдай кезінде спорттық және бұқаралық іс - шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қару-жарақ, оқ-дәрілер, арнайы құралдар, жарылғыш, улы заттар сататын мамандандырылған дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салынды, - деді Ербол Оспанов.

Оның мәліметінше, облыс орталығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда. Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Алаңдаудың себептері жоқ. Жекелеген тауарлар тапшылығы туындаған жағдайда өңірлік тұрақтандыру қорының тетігі тартылатын болады.

Күн сайын біз ірі сауда желілеріне, базарларға мониторинг жүргіземіз, ақпарат жинаймыз. Қазір интернеттің жоқтығынан тауарлар үшін есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындарға бұған түсіністікпе қарайы деп ойлаймыз, - деді басқарма басшысы

ҚР Президенті жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар тауарларға мемлекеттік баға реттеуді енгізуді және дүрлігуге жол бермеуді тапсырды. Е.Оспанов сауда объектілерінің басшылары мен кәсіпкерлерге үстемеақылар бойынша бұзушылықтарға жол бермеуге және осы қиын кезеңде азаматтардың өмірлік қажеттіліктері туралы болжам жасамауға шақырды.

Айдың басы ғана, көптеген адамдар зейнетақы, жәрдемақы, жалақыны қолма-қол ақшаға айналдыра алмады. Бүгінгі таңда, менің білуімше, Халық банкінің 20-ға жуық банкоматы толықтырылды, олар штаттық режимде жұмыс істейді. Сбербанк банкоматтары толықтырылуда. Қолма-қол ақша алуға мүмкіндік бар. Облыс әкімдігі банктермен жұмыс жүргізуде, - деді Ербол Оспанов.

Облыста өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды, «Көкше-маркет» коммуналдық павильондары, «Қамқор» базары бар, онда өнімдер өндірушілердің бағалары бойынша сатылады. Сондай-ақ, сауда үстемесін сақтау 15% - дан аспайды.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Ерқанат Мұсылманбек бүгінгі күні олардың бүкіл Қазақстан бойынша қызметкерлері ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты зардап шеккен барлық кәсіпкерлерден мәліметтер жинайтынын айтты. Ақмола облысында ӨКП-ға форс-мажор туралы куәлікті алуға 10-ға жуық өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әсем Шәкірова интернет байланысы болмаған жағдайда бақылау-кассалық апапаратымен чек беруді қалай жүзеге асыру керектігіне  түсінік берді. 

Интернет байланысы жоқ кәсіпкерлер тауарлық чек жазып бере алады. Оны сатып алушылар талап етуі керек. Бағаны көтеру немесе жасанды тапшылық жасау фактісі анықталған жағдайда, аймақтың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 8 (7162) 240002, 240017, 240018, 240003 телефондаар арқылы хабарласуға болады, - деді департамент басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...