Көкшетауда 16 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған жігіт ұсталды

3 Қараша 2021, 11:33
1147
Бөлісу:
Көкшетауда 16 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда 16 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 16 жастағы тұрғынынан ақша бопсалау фактісі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 31 қазанда кешкі сағат 20.00-де қаскүнем күш көрсетемін деп қорқытып, жәбірленушіден ақша, сондай-ақ Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алғанын анықтады, – делінген хабарламада.

Шығын сомасы 65 000 теңгені құрады. Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтады, ол 19 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Естеріңізге сала кетейік, баптың санкциясы қылмыстың осы түрін жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы