Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

8 Мамыр 2021, 21:33
885
Бөлісу:
Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 мамырда сағат 12.44-те «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» кооперативтерінің саяжайларында құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрттің жалпы ауданы 5 га.  Өртті сөндіруге 8 бірлік техника, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 73 қызметкері, сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 курсанты және 2 бірлік техника тартылды, жергілікті атқарушы биліктің 4 жұмысшысы мен 4 техникасы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

Өрт салдарынан 16 саяжай өртке оранды («Целинник» - 6, «Авиатор» - 10). Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

Өрттің себебі сараптама жүргізгеннен кейін анықталады. Алдын ала болжам бойынша өрт отқа бей-жай қарау, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу салдарынан болған.

Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті
Көкшетау қаласы тұрғындарына, әсіресе саяжай тұрғындарына үндеу тастағым келеді. Құрғақ шөп пен қоқыстарды жағуға болмайды. Салдарынан өрт шығуы мүмкін. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу тағайындалды, – деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әсет Жақсылықов.



Өзгелердің жаңалығы