Көкшетау мен Ыстықкөл аймақтары арасындағы әуе қатынасы дамиды

6 Желтоқсан 2021, 15:00
1005
Бөлісу:
Көкшетау мен Ыстықкөл аймақтары арасындағы әуе қатынасы дамиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың әуе айлағының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қырғызстан Республикасының делегациясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болды.

2021 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы авиациялық билік органдарының жұмыс кездесулері хаттамасының екі елдің әуежайлары арасында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру туралы 4-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 2-4 желтоқсан аралығында «Манас» халықаралық әуежайы» ААҚ делегациясы елорда әуежайында болды.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынас аясында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ мен «Манас» халықаралық әуежайы» АҚ қол қойылған меморандум негізінде тараптар ынтымақтастыққа қол жеткізуге келісті.

Келесі бағыттар бойынша достық серіктестікті нығайту міндеттері қойылды:

1. Тараптар әріптестік орнатуға және тәжірибе алмасуға келісті.

2. Тараптар Бішкек пен Нұр-Сұлтан арасындағы қолданыстағы тікелей әуе қатынасын дамыту туралы келісті.

3. Тараптар Көкшетау мен Ыстықкөлдің курорттық аймақтары арасындағы әуе қатынасын дамытуға күш салатындығы туралы келісті.

4. Ынтымақтастықты нығайту және екі Тараптың нарығын жақсы түсінуді қалыптастыру мақсатында тараптар өзара басқару сапарларын ұйымдастырады.

5. Осы Өзара түсіністік туралы меморандум ресми тілінде екі данада жасалды.

Тараптар бірлескен жұмыстарды үйлестіру және жүзеге асыру және ынтымақтастықтың жоғарыда аталған мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен жұмыс тобын құрады.

Өзгелердің жаңалығы