Қоғам мен билік арасындағы диалог жақсара бермек – Рожин

22 Қазан 2020, 17:48
1966
Бөлісу:
Қоғам мен билік арасындағы диалог жақсара бермек – Рожин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысы өтті. Мен ротация арқылы жақында қосылған адаммын деді кеңес мүшесі Максим Рожин. 

Шынын айту керек, кеңес құрылғаннан бастап менің назарымда. Себебі бұл ел билігі мен қарапайым халықтың өзара диалогы. Меніңше, өте жақсы нәтиже беруі керек. Мен рухани-мәдени топтың мүшесімін. Біз 6 ұсыныс бердік. Біздің ойымызша, ұсыныстар елдің назарындағы басты мәселелерге қатысты жасақталды. Мүгедектерге қатысты мәселе мен тілге арнайы бағдарламаның қажет екенін айттық. Ауылдағы жұмысты, жастармен жұмысты жаңа деңгейде жасау керегін айттық, - деді Рожин. 

Максим Рожиннің айтуынша, басқа топтар да өз бағыттарында мәселе көтерді. 

Билік пен қоғам арасында диалог төртінші отырыста айқын көрінді. Мен үлкен сенім білдіремін. Себебі осы уақытқа дейін елдің басындағы проблемаларды шеше білдік. Экономикалық кейбір ұсыныс заң жүзінде қабылданды. Бұл билік пен қоғам арасындағы диалог кеңестен кеңеске, ұсыныстан ұсынысқа жақсара береді деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы